«Бөбек» орталығы ұжымға алғыс жолдады

1491

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының басшылығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Алғыс хат жолдады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Оқу орнының басшысы Жансейіт Түймебаевтың атына келіп түскен құжатта орталық басшылығы ғарыштық білім беру бойынша «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясы базасында өткен маңызды шараларға, атап айтқанда, «Ғарышқа жол» халықаралық форумы, Төкен Омаров атындағы астрономия және ғарыш физикасы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысы және облыстық физика-математикалық мектептердің білімгерлеріне арналған астрономиялық практикумына белсене қатысып, жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары: Гүлмира Яр-Мұхамедова, Нұрсұлтан Досжан, Ғұлама-ғаріп Әлішер Ибраев, Мұхағали Қаламбай, Салтанат Иманқұлова, Мейрамгүл Алпысбайлардың кәсіби шеберліктерінің арқасында аталған шаралар өз мақсатына, дәлірек айтқанда, ғылымды насихаттау және ҚР мектеп оқушыларының астрономия, ғарыш физикасы және космонавтика салаларындағы білім деңгейін арттыруға қол жеткізді», делінді хатта.

«Бөбек» ҰҒПББСО бас директоры Е.Сәкенова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ынтымақтастық үшін алғыс айта отырып, серіктестіктің сәтімен жалғасарына сенім білдірді және ұжымға жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -