Түркия студенттеріне арналған жазғы мектеп

1266

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркия Республикасының бірқатар университеттері білімгерлерінің қатысуымен «Қазақ филологиясы және этнографиясы»  онлайн  жазғы мектебі өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен 14 маусымда бастау алған шара аясында Қожатепе, Сивас мемлекеттік университеті, Мугла Сыткы Кочман университеттерінің 35-ке жуық студенті, магистранты мен докторанты «Қазақ филологиясы және этнографиясы» бағдарламасымен білім алуда.

Жазғы мектептің мақсаты – шетелдік тыңдаушыларға қазақ халқының дүниетанымы, наным-сенімдері, ұлттық паремиологиялық қор, ортағасыр жазба ескерткіштеріндегі ғаламның тілдік бейнесі және оның қазіргі қазақ танымымен сабақтастығы, қазақ тілінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қазақ халқы мен түркі халықтарының ортақ тілі, әдебиеті мен тарихын зерделеу.

Дәрістерді қазақ, түрік тілдерінде Түрксой кафедрасының оқытушылары «Қазақтардың кейбір ырымдары мен наным-сенімдері», «Қазақ дүниетанымы және сопылық ілім», «Қазақ тіліндегі көне парсы тілінің элементтері», «Қазақ хикаяларындағы персонаждар генезисі», «Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестердің қолданылуы және лингвомәдени ерекшеліктері», «Жыраулар поэтикасы», «Қазақ руларының аймақтық орналасуы және ру атауларының этимологиялық мағынасы», «Сөз семантикасын зерттеу әдістері» және басқа да өзекті тақырыптар бойынша жүргізеді. Жазғы мектеп жұмысы 3 шілдеге дейін жалғасатын болады.

Бұл шара Қазақстан мен Түркия арасындағы білім және ғылым кеңістігіндегі ынтымақтастықтың тиімді бағыттарының бірі болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -