Журналист-студенттер – бірінші орында

1141

Журналистика күніне орай өткен Қазақстанда медианың өзін-өзі реттеу Қоғамдық комитетін құру жөніндегі онлайн конференция аясында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Оған үш университеттің студенттері – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚАУ және Тұран университетінің болашақ журналист білімгерлері қатысты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Білім жарысында бірінші орынды ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің студенті Әнелжан Көрікбай жеңіп алды.

Марапаттау рәсімінде Kazakhstan Media Network атқарушы директоры, медиатренер, Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетінің тең құрылтайшысы Бақтыгүл Бұрбаева: – Сыйлық алған жақсы, ал табыстау одан да жағымды. KazMediaNetwork атынан мен студенттер арасындағы сұрақ-жауап ойыны жеңімпаздарына медианың базалық қағидаттарын білуге арналған сыйлықтарды қуана сыйлаймын, – деп болашақ журналистерді жеңісімен құттықтады.

Өз кезегінде Әнелжан Көрікбай: – Бүгін мен Қазақстандағы медианың базалық қағидаттары жөніндегі конференция мен онлайн сауалнамаға қатыстым. Сауалдар мен үшін жеңіл әрі түсінікті болды, өйткені екінші курс бойы ұстазымыз Лариса Нода журналистиканың негізгі құралдары пәнінен дәріс берді. Ол бізге медиа сауаттылықтың негізі мен дағдыларын үйретті. Соның арқасында сұрақтарға оңай жауап беріп, бірінші орынға ие болдым. Әрбір журналист өз саласында білікті және сауатты маман болу үшін медианың негізгі қағидаларын білуі тиіс деп ойлаймын, – деген пікірімен бөлісіп, конференцияның жаңа білім беріп қана қоймай, бар ақпаратты нығайтқанын, мұндай шаралардың жастарға қажеттілігін атап өтті.

Лариса Нода

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -