Бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге сыйлық

2073

Университет әкімшілігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы биыл бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндерге сөмкелер мен оқуға қажетті құрал-саймандарды алып берді. Бұл акция игі дәстүрге айналып, бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

1­­-қыркүйек ата-аналар үшін қуанышты толқу ғана емес, сонымен қатар үлкен қиындықтар мен қаржылық шығындар. Баланы мектепке дайындау отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ салады. Кәсіподақ комитетінің сөмкелері бұл ата-аналар үшін жақсы әлеуметтік көмек. Биыл «Кәсіподақ сөмкелерін» бірінші сыныпқа баратын 185 бала иеленді. Бұл игі шара ҚР БҒМ «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясымен сәйкес келеді.

Өткен жылдағыдай биылғы карантин жағдайында сөмкелерді кәсіподақ ұйымдастырушылары барлық сақтық шараларын ескере отырып, мектеп оқушыларының ата-аналарына тарту етті. Биылғы іс-шарадан сөмке, дәптер, бояулар, қарындаш қораптарды алып жатқан қуанышты балалар мен толқыған ата-аналарды бейнелейтін дәстүрлі ортақ фотосуреттер болмайды.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің кәсіподақ бойынша ұйымдастырушысы А.Ахмедова: «Біздің факультетте 5 адам балаларына сөмке алады. Балалар қазірдің өзінде сыйлықтарын асыға күтіп, қызығушылық танытуда»,-дейді. Төрт баланың анасы, Катализ, физикалық химия және мұнай химиясы кафедрасының профессоры Әжіғұлова Рыскүл кәсіподақ пен ҚазҰУ басшылығына балаларына көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты. «Менің ұлыма сөмке мен оның ішіндегі заттары қатты ұнады. Ол тек үздік оқитынын айтты».

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев кәсіподақтың «Бірінші сынып оқушысына сөмке» бастамасы университеттің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігіне айналғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл біздің қызметкерлерімізге балаларды мектепке дайындап қана қоймай, сонымен қатар қазіргідей қиын-қыстау кезеңде біз бәріміз бір ұжымның мүшесі екенімізді сезінуге көмектеседі дейді. Кәсіподақ өкілдері балаларға қуанышты жаңалықтар мен мектеп бағдарламасын игеруде үлкен табыстар тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -