Хронология: ҚазҰУ Тәуелсіздік жылдарында

1846

Еліміз биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу мерекесін кеңінен атап өтеді. Тәуелсіз ел ретінде біз осы жылдары дербес даму жолында маңызды қадамдар жасап, толағай табыстарға қол жеткіздік. Егемен Қазақстанның негізін құру және нығайтудағы тарихи миссия Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еншісінде. Оның басшылығымен кең ауқымды құқықтық, экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар барлық салаларда жүзеге асырылды. Айтарлықтай трансформация ғылым және білім саласында жүргізілді. Төменде осы 30 жылдың ішіндегі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да болған айтулы оқиғалар, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 

  •         1993 жылдың 9 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мәртебесі туралы» арнайы қаулысымен университетке автономды мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі берілді және ол Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті болып өзгертілді.
  •         2001 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында  алғашқы болып ұлттық университет ерекше мәртебесі берілді.
  •         2004 жылы 15 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылғанына 70 жыл толуы аталып өтті.
  •         2004 жылы ақпанда Президент Н.Назарбаев құрамына 14 жаңа объекті кіретін ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңін бастауға тапсырма берді.
  •         2004 жылы 2 қыркүйекте Елбасы Н.Назарбаев университетке келіп, Чех Республикасының Президенті Вацлав Клауспен болашақта салынатын ҚазҰУ кітапханасының орнына тас қою салтанаты болды.
  •         2006 жылы ҚазҰУ сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанған мемлекет тарихындағы бірінші жоғары оқу орны болды.
  •         2007 жылы 5 ақпанда білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-ға келіп, «Үздік ұстаз» грантын тапсырды.
  •         2007 жылы 21 желтоқсанда ҚазҰУ-да Ұлттық нанотехнология зертханасы ашылды.                                        
  •         2008 жылы 2 қазанда «КазГУград» арнайы студенттік кинотеатры ашылды.
  •         2009 жылы 13 қазанда Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен 1000 шаршы метрге орналасқан үш залдан тұратын Әл-Фараби мұражайының ашылу салтанаты болды.
  •         2010 жылы 1 қыркүйекте ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінің 18 460 шаршы метрге орналасқан жаңа оқу корпусы қолданысқа берілді.
  •         2011 жылы 17 қаңтарда ҚазҰУ-дың жаңадан ашылған Экономикалық зерттеулер орталығы жұмысын бастады.
  •         2012 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 жоғары оқу орындары қатарына қосылды.
  •         2013 жылы ЮНЕСКО Бас директорының білім беру жөніндегі орынбасары Цянь Тан мырза арнайы сапармен келіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия аймағындағы тұрақты даму проблемаларының хабы болатыны туралы келісімге қол қойды.
  •         2014 жылы 15 қаңтарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 80 жылдығын кең ауқымда атап өтті. 4 ақпанда ҚазҰУ United Nation Academic Impact (БҰҰ академиялық ықпалы) тұрақты даму мәселелері бойынша жаһандық хабын басқару мәртебесіне ие болды.  
  •         2015 жылы 14 сәуірде ҚазҰУ-да ЮНАИ аясында «Самсунг» инновациялық академиясының ашылу салтанаты өтті.
  •         2018 жылы тұрақты даму саласында университеттің басшылық қызметінің қорытындысы бойынша шешім қабылданып, United Nation Academic Impact (БҰҰ академиялық ықпалы) тұрақты даму мәселелері бойынша жаһандық хабын ҚазҰУ 2020 жылға дейін басқаратын болды.
  •         2019 жылы 11 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жаңа Жібек жолы – БҰҰ моделі: Ауғанстанды дамыту жөніндегі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің «Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға арналған Доха кездесуінің нәтижелері» мәселелері талқыланды.
  •         2020 жылы ғұлама ойшыл Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы және ұлы ақын Абайдың 175 жылдығын атап өтуге арналған сериялық іс-шаралар өтті.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -