1398

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкері Досжан Балабекұлы «Нұрсұлтан» шыңы альпиниадасына қатысып қайтты. Бұл оның осы заңғар биікке екінші рет ұмытылуы, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Алғашында осыдан алты жыл бұрын шыңның ұшар басына дейін толық көтерілген. Биыл шараға қатысушылардың көп болуы мен карантиндік шектеулердің әсерінен биікке 200 метр жетпеді, бірақ альпиниада жолының басым көпшілігін жаяу еңсерді.

Досжан Балабекұлы - Іле Алатауындағы Нұрсұлтан, Қ.Сәтбаев, Жастар, Құмбел, Шымбұлақ, Найзақара, Турист, Титов және т.б. шыңдарға шыққан. Биылдыққа алғашқы биіктігін Нұрсұлтан шыңынан бастады. Ол мұны ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен байланыстырады. Сондай-ақ, Нұрсұлтан шыңы отандық альпинизмнің бастау шыңы екендігі тағы бар. Сондықтан ол биылдыққа алдағы биіктеріне жолашар болсын да, осы төрт мыңдықты таңдаған.

Шыңға шығу оңай болмаған. Түнімен жауған жаңбыр, Богданович мұздығында үлкен кедергілер жасаған. Өйткені асуға шығатын бірден бір жол мұздықты басып өту. Шараға қатысушылардың барлығы да мұздан өтіп, ылғалды қарды кешуден көп қиындықтар көрді. Сонымен қатар, тұман мен жаңбырлы ауа райы да барынша кедергі келтірген. Дегенмен, альпиниада қатысуышлары шыңға шығуға рұқсат аяқталған уақытқа дейін жартаспен биікке өрмелеумен болды. Күн райының күрт өзгеруі салдарынан шара 4000 метр биікте уақытынан бұрын аяқталды. Десек те, Комсомол асуына жетіп, ары қарай бірнеше метрге көтерілудің өзі ерекше еңбек. Досжан шыңға «Qazaq universiteti» газетін алып барып, арнайы суретке түсті. ҚазҰУ-дың төл газеті үнемі биікте болсын деген ниетін жасырмады. Лайым, биіктерден көріне берейік!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -