Атырауда жалған вакцина паспортын дайындаған емхана қызметкері ұсталды

3376

Атырауда жалған вакцина паспортын дайындаған емхана қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

31 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық әкімдігі мен прокуратурасымен бірлесіп Egov.kz ақпарат жүйесіне “Covid-19” вакцинасын алу туралы ақпаратты нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан 1981 ж.т., медициналық қызметкерді анықтап,ұстады.

Кінәсін мойындаған күдікті, жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын айтқан. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -