Түрік профессорлары тәжірибесімен бөліседі

2096

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы, Мармара университетінің профессоры Мухиттин Шимшекпен кездесті. Жүздесу барысында өзара ынтымақтастықтың маңызды мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мәртебелі мейман университет басшысына қонақжайлығы үшін ризашылық білдіріп, қазақ-түрік университетінде атқарылып жатқан жаңа жобалар жайлы әңгімеледі. Қазіргі уақытта оқу орнының қызметі негізінен білім, ғылым және жергілікті тұрғындар үшін біліктілік курстарын дамытуға бағытталғанын айта келе, оның ішінде әйелдерге кәсіптік білім беруге жіті көңіл бөлінетінін жеткізді. Жуырда аграрлық факультет ашылып, аймаққа қажет ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау да қолға алынған. Сонымен қатар профессор түркиялық танымал мамандарды тарту арқылы медицина факультетінің әлеуетін көтеру және университетті әлем бойынша түркология орталығына айналдыру мақсаттарымен бөлісіп, оларды жүзеге асыруда өзара тиімді әріптестікті ұсынды.

ҚазҰУ басшысы өз кезегінде әлемнің ең үздік университеттері рейтингінде 175-орынды иеленген қарашаңырақтың басты жетістіктерімен таныстырды. ҚазҰУ ғалымдарының ғылым, инновация саласындағы табыстарымен бөлісіп, медицина, түркология және өзге де салалар бойынша өзара ықпалдастықтың мүмкіншіліктерін жоғары бағалады. Ректор халықаралық қазақ-түрік университетінің аймақ халқына арналған игілікті істеріне қолдау білдіріп, ҚазҰУ мамандарының өзара тәжірибе алмасуға даяр екенін жеткізді. 

Сондай-ақ кездесуде білім саласындағы Қазақстан Түркия қарым-қатынасы және өзге де өзекті тақырыптар қозғалып,  тараптар екі жақты әріптестік байланыс орнатуға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -