Жаңа декандар қызметке кірісті

3201

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде конкурстық комиссия ұсыныстары негізінде тағайындалған және қайта бекітілген факультет декандары  мен кафедра меңгерушілері қызметке кірісті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жаңа оқу жылы қарсаңында бос лауазымдар орнына конкурс жарияланған болатын. Іріктеуден өткен үміткерлер анықталып, Басқарма Төрағасы-Ректор Ж.Түймебаевтың шешімімен бекітілді.

Нәтижесінде:

  • ЖӘКЕБАЕВ Дәурен Бақытбекұлы, PhD доктор, профессор – механика-математика факультетінің деканы;
  • БАЙДІЛДИНОВ Дәулет Лайықұлы, заң ғылымдарының докторы, профессор – заң факультетінің деканы;
  • МӘДИЕВ Сансызбай Шарапиұлы, филология ғылымдарының кандидаты – журналистика факультетінің деканы;
  • БИМЕНДИЕВА Лейла Әбдірашқызы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент)  Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы;
  • МЕЙІРБАЕВ Бекжан Берікбайұлы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) – философия және саясаттану факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ конкурстық іріктеу талаптарына сәйкес  кафедра меңгерушілерімен еңбек шартын жасау туралы ұсыныс берілді.

Заң факультеті

  • ЖАНСАРАЕВА Рима Еренатқызы, заң.ғ.д., профессор – қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі
  •  ТЫНЫБЕКОВ Серікқали, заң.ғ.д., профессор – азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі

Журналистика факультеті

  • СҰЛТАНБАЕВА Гүлмира Серікбайқызы, саяси.ғ.д., профессор – баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары кафедрасының меңгерушісі

Физика-техникалық факультет

  • ӘБІШЕВ Медеу Ержанұлы, ф.м.ғ.д., профессор – теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі

Химия және химиялық технологиялар факультеті

  • ТҮЛЕПОВ Марат Ізтілеуұлы, химия.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) – химиялық физика және материалтану кафедрасының меңгерушісі
  • ӘУБӘКІРОВ Ермек Айтқазыұлы, химия.ғ.д., доцент – физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының меңгерушісі

География және табиғатты пайдалану факультеті

  • АҚТЫМБАЕВА Әлия Сағындыққызы, гео.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) – рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі
  • НҮСІПОВА Гүлнар Нұрмұхамедқызы, гео.ғ.д., профессор – география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының меңгерушісі

Ақпараттық технологиялар факультеті

  • ДӘРІБАЕВ Бейімбет Серікұлы, PhD доктор – информатика кафедрасының меңгерушісі

Биология және биотехнология факультеті

  • КУСТУБАЕВА Альмира Мэлсовна, биол.ғ.к., профессор – биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі

Механика-математика факультеті

  • ҚОШАНОВ Бақытбек Дәнебекұлы, ф-м.ғ.д., доцент – математика кафедрасының меңгерушісі
  •  ТЕМІРБЕКОВ Алмас Нұрланұлы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор – есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының меңгерушісі

Тарих факультеті

  • ЖҰМАТАЕВ Ринат Серікұлы, PhD доктор – археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі

Шығыстану факультеті

  • КЕРІМБАЕВ Ержан Әбдірайымұлы, PhD доктор – қытайтану кафедрасының меңгерушісі
  •  ЕГЕМБЕРДИЕВ Мырзахан Шәріпбайұлы, тарих.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) – Түрксой кафедрасының меңгерушісі

Медицина және денсаулық сақтау факультеті

  • ЫСҚАҚОВА Алмира Жүресқызы, пед.ғ.к. – дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі

Экономика және бизнес жоғары мектебі

  • ДӘУЛИЕВА Ғалия Рахметқызы, экон.ғ.к., доцент – экономика кафедрасының меңгерушісі
  •  НҰРМАҒАМБЕТОВА Ажар Зейноллақызы, PhD доктор – қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі  

Философия және саясаттану факультеті

  • ҚҰРМАНӘЛИЕВА Айнұр Дүрбелеңқызы, филос.ғ.д., профессор – дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі
  •  НӘСІМОВА Гүлнар Өрленбайқызы, саяси.ғ.д., доцент – саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының меңгерушісі
  •  ҚҰРАНБЕК Әсет Абайұлы, филос.ғ.к., – философия кафедрасының меңгерушісі
  •  ӘЛҒОЖАЕВА Нұрсұлу Сейіткерімқызы, пед.ғ.к., доцент – педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі

Филология факультеті

  • САЛҚЫНБАЙ Анаркүл Бекмырзақызы, филол.ғ.д., профессор – қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі
  •  ДОСМАҒАМБЕТОВА Жәмила Жамбылқызы, филос.ғ.к. – шет тілі кафедрасының меңгерушісі
  •  АВАКОВА Раушангүл Амирдинқызы, филол.ғ.д., – профессор жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі
  •  ТӘТТІМБЕТОВА Құралай Өмірланқызы, PhD доктор – орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -