Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды

4815

7 қыркүйек-1 желтоқсан аралығында облыс аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шара қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.

– Осы уақыт аралығында Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары 200-ге жуық пәтерді, саяжайларды қамти отырып, облыс көлемінде орналасқан 253 қыстақтар мен шаруа қожалықтарды тексерді, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Іс-шара барысында қаруды сақтау және тіркеу мерзімдерін бұзудың 13 дерегі анықталып, бес қару бірлігі тәркіленді.Ата-аналардың тарапынан тиісті бақылауының жоқтығына байланысты ұсақ бұзақылық жасағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 217 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді.

Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген ​ бала өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына екі жасөспірім орналастырылды. Бұдан басқа, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3012 мың азамат жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 120 жанжалқой ұсталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -