Аида Балаева «Қорқыт Ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті

4387

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыда  «Қорқыт ата» телехикаясы шығармашылық тобының мүшелерімен кездесті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Еске сала кетейік, телехикаяны әзірлеу жұмыстарын бастауға келісімдерге осы жылдың сәуір айында өткен Түркияға ресми сапар кезінде қол жеткізілген болатын.

Министр А.Балаева телехикаяның шығарашылық тобымен кездесуде:

«Қорқыт ата – түркі әлемінің ең ұлы тұлғаларының бірі, барлық түркі халқына ортақ тұлға, ортақ мұра.  Сондықтан бұл туынды тек біздің көрермендерге ғана емес, басқа да елдерде  үлкен сұраныс әкеледі деп сенемін. Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерін осы жобаға шақырып, әріптестік орнату жөнінде ұсыныс жасадық. Қазір тиісті келіссөздер жүріп жатыр», - деді. 

Алматыда өткен өтырысқа "Qazaqstan" телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ляззат Танысбай, этнограф-ғалым, өнертанушы Тынысбек Қоңыратбаев, киносыншы Дәрежан Өмірбаев, әдебиеттанушы Әлия Бөпежанова, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, кинотанушы Гүлжан Наурызбекова, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, телерадиокорпорация ардагері Қайнар Олжай, өнертанушы Сағатбек Қалиев, сценарист Бекзат Мырзахмет  қатысты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -