Біреудің атынан 1 млн теңге несие алған шымкенттік алаяқ ұсталды

37004

Біреудің атынан бір миллион теңге несие алған шымкенттік алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

16 қыркүйек Абай АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу өзінің атынан ашылған банк есеп шотынан 1 миллион теңге несие алып, белгісіз бағытқа аударып алғанын көрсеткен. 

Абай АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -