Ақтөбелік полицейлер “Жолда қабылдау” және “Аулада қабылдау” республикалық акциясын өткізбек

18269

Ақтөбелік полицейлер “Жолда қабылдау” және “Аулада қабылдау” республикалық акциясын өткізеді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Халықтың полиция қызметіне сенімін арттыру, “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша ашықтық пен айқындық басым міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының аумағында “Жолдағы қабылдау” және “Аулада қабылдау” республикалық акциялары өткізілуде.

15-16 қазан аралығында сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің басшылығы, сондай-ақ қалалық басқармалар мен аудандық полиция бөлімдерінің басшылары тұрғындарды қабылдайды.

Акция барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтары мен мәселелерін шешу үшін полиция басшылығына тікелей, алдын ала жазылусыз жүгінуге мүмкіндігі бар.
Бұдан басқа, Полиция департаментінде тұрақты режимде 8 (7132) 936-132 жедел желі телефоны жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, кәсіби кеңес ала алады.

Сондай-ақ, акцияны өткізу барысында әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысы ПД-нің Policeaktobe ресми парақшасында халықпен онлайн қарым-қатынас орнату мақсатында тікелей эфир өткізіледі.

Облыс орталығынан бөлек, акция облыстың барлық аудан орталықтарында өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -