«Жарқын Смарт» мектебі ашылды

78353

25 қыркүйекте Елордамызда оқушылар биыл табалдырығын бірінші рет аттайтын «Жарқын Смарт» мектебінің ашылу салтанаты өтті. 

Іс-шараның шымылдығын елімізге еңбегі сіңген генерал Нұржан Рахметханұлы ашып берді. №84 мектеп директоры Зәуре Ғинаятқызы мектептің лентасын қиып,  кітапхана қорына арнайы әкелген кітаптарын тарту етті.

Салтанатты рәсімге Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков те қатысып, білім ордасына жеке кітапханасынан кітап сыйлады. Сондай-ақ елімізге белгілі айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар өлеңмен шашу шашып, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, «Жарқын Смарт» – ұл балаларға арналған, ұлттық тәрбиені басшылыққа алған жеке меншік мектеп. Білім ордасы оқушыларды 5 сыныптан бастап қабылдайды. Мектепте түске дейін стандартқа сай сабақтар оқытылып, түстен кейін оқушылар мұғаліммен бірге үй тапсырмасын орындап, өзі қалаған үйірмеге қатысады.

Салтанатты рәсімнен кейін белгілі абайтанушы Омар Жәлел, ғалым Қайрат Жолдыбайұлы, өнер қайраткері Қыдырәлі Болман, ақын Олжас Отар, өзге де белді тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мектеппен танысты. Құрметті қонақтар бағыты ерек білім ордасының болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.

Іс-шара соңында қонақтар арнайы жайылған дастарқаннан дәм татып, әуезді ән тыңдады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -