Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған студенттер мен магистранттар арасындағы «Абай әлемі» ғылыми байқауында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Байқаудың мақсаты – дарынды жас ғалымдарды анықтау, Абай мұрасын кеңінен насихаттап, заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету.
Ғылыми байқауға Қазақстанның әр өңірінен 100-ден астам жас қатысты. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын кәсіби мамандар мен белгілі абайтанушылар бағалады.
Магистранттар арасынан үздік деп танылған:
I орын және 500 000 теңге сыйақы – Шәмшиев Пердехан Рүстембекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс магистранты.
Жүлделі орын алған студенттеріміз:
II орын және 300 000 теңге сыйақы – Әбдіғали Әсел Ахметжанқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті;
III орын және 200 000 теңге сыйақы – Қамшыбек Ахмет Қанатұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-курс студенті.
Байқау нәтижесі бойынша үздік ғылыми жұмыстар Abaialemi.kz порталында жарияланады.