Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Келесі жылы шамамен 100 инвестициялық келісімшарт жасалады деп күтілуде - ҚР СІМ

350
Фото: ortcom.kz

UNCTAD-тың әлемдік инвестициялар туралы жыл сайынғы есебіне сәйкес, Қазақстан таза тікелей шетелдік инвестициялар ағынының өсуі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осылайша, 2020 жылы Қазақстанға таза ТШИ ағыны 35%-ға өсті, бұл өтпелі экономикасы бар 17 елдің, теңізге шыға алмайтын 34 елдің, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы елдердің арасындағы ең үздік көрсеткіш болып табылады. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев келтірді.

«Біз пандемияға қарамастан, инвесторлардың қызығушылығы жоғары деңгейде сақталып, жобалар мен инвестициялық келісімшарттар саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні келісімшарттар жасасу рәсімі толығымен автоматтандырылды және онлайн форматқа ауыстырылды, бұл өтінімдерді беру және қарау рәсімдерін айтарлықтай жеңілдетті. Мәселен, ағымдағы жылы 10 айдың қорытындысы бойынша жасалған келісімшарттар саны 70-тен асты, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Салалар бөлінісінде инвестициялық келісімшарттардың ең көп саны жыл басынан бері білім беру (12 келісімшарт), АӨК (11 келісімшарт), құрылыс материалдары (6 келісімшарт), электр энергиясын өндіру (5 келісімшарт) және басқа салаларға тиесілі. Жалпы, инвестициялық саясатты іске асыру функциялары СІМ-нің қарамағына берілген сәттен бастап келісімшарттардың саны мен сомасы іс жүзінде екі есе өсті. Рәсімдерді оңтайландыруды ескере отырып, келесі жылы шамамен 100 инвестициялық келісімшарт жасалады деп күтілуде», - деді спикер перспективаларға тоқтала отырып.  

Жабдықтарды әкелу кезінде кедендік жеңілдіктерден босату түріндегі инвестициялық преференциялар, салық жеңілдіктері және жер учаскелері түріндегі заттай гранттар инвестициялық және инвестициялық басым келісімшарттар шеңберінде беріледі. Жыл басынан бері жаңа инвестициялық құрал - 7,5 млн АЕК – 50 млн АҚШ долларынан астам сомаға стратегиялық инвесторлар мен жобалар үшін инвестициялар туралы келісім енгізілді. Келісімдер шеңберінде инвесторларға заңнаманың тұрақтылығы, өндірілетін өнімге оффтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігі, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар шеңберінде преференциялардың қолданылуын ұзарту мүмкіндігі берілетін болады.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -