Егер салық берешегі 18 мың теңгеден төмен болса, банктер ЖК мен заңды тұлғалардың шоттарын жаба алмайды

762
Фотосурет: АР

Егер салық борыштары толық төленген болса, банктер ЖК мен заңды тұлғалардың банк шоттары бойынша шығыс операцияларын дербес жандандыруға құқылы, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Яғни, енді шотқа тыйым салуды күтудің қажеті жоқ. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген осы және басқа да жаңашылдықтар туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов айтып берді.

«Банк төленген соманы және шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген соманы негізге ала отырып, салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын жандандырады. Бұдан басқа, банктік шоттарды жабу жөніндегі шаралар қолданылмайтын шек көтерілді. Енді, егер салық берешегі 18 мың теңгеден аспаса, банк операциялары тоқтатылмайды. Бұл нормалар өткен жылдың ортасынан бастап күшіне енді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап «E-Salyq Виѕіпеѕѕ» мобильді қосымшасы негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнайы салық режимі енгізілді. Бұл қосымша жекелеген рәсімдерді жүзеге асыруды жеңілдете отырып, салық міндеттемелерін орындаудағы проблемалардың бір бөлігін шешуге мүмкіндік береді. Функционал оңайлатылған тәртіппен ЖК ретінде тіркеуден өтуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чек беруге, табысты автоматты түрде қалыптастыруға және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтар мен міндеттемелерді есептеуге мүмкіндік береді», - деді спикер.  

Қосымшаны «Play Market», «App Store» немесе «App Gallery»-ден жүктеуге болады. Бүгінде оны 7 мыңнан астам ЖК пайдаланады. Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлеушілерді жоюдың жеңілдетілген тәртібі әрекет етеді. Егер бұрын өз өтініші бойынша қызметті тоқтату үшін олар салықтық тексеру процедурасынан өткен болса, бүгінде жою процедурасы тек камералық тексеруге дейін азаяды. 

«Бизнес субъектілерін қолдау мақсатында шағын көлемді фургондардың көлік салығына қатысты түзету қабылданды. Мұндай санат бойынша көлік құралдарына салынатын салық жүк көтерімділігіне қарай (бұрын қозғалтқыштың көлеміне қарай есептелген) жүк автомобильдері үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептелетін болады. Сонымен қатар, норма ретроспективті түрде енгізілді (01.01.2021 ж.бастап), ол кәсіпкерлік қызметте шағын жүк көлік құралдарын пайдаланатын ШОБ субъектілерінің қаржылық шығындарын азайтады», - деп түсіндірді МКК өкілі.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -