Елімізде кәсіпкерлікті қолдау үшін бақылау шаралары тоқтатылды. 1 ақпанға дейін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылады

841

Қаржы министрлігі Салық заңнамасы бөлігінде бизнесті және жалпы қоғамды қолдау үшін бірқатар шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты ҚР Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2022 жылғы 19 қаңтардан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде ЭШФ АЖ кейіннен енгізе отырып, шот-фактураны қағаз тасымалдағышта жазып беруге құқылы болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді.

Оның айтуынша, айыппұл санкциялары бұдан әрі де қолданылмайды.

«Елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру шаралары аясында кәсіпкерлікті қолдау үшін бақылау шаралары тоқтатылды. Мемлекеттік кіріс органдары бастаған және бастама жасаған салықтық және кедендік тексерулерді, оның ішінде тауарларды шығарғаннан кейін басталған кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеруді 2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтата тұру және кейінге қалдыру көзделген. Көрсетілген мерзімге дейін мемлекеттік кіріс органдары жаңа тексерулер жүргізбейді. Бұған кәсіпкерлердің өздерінің және құқық қорғау органдарының өз қызметіне қатысты өтініштері бойынша бастамашылық жасалатын тексерулер қосылмайды», - деді спикер. 

Сондай-ақ, 2022 жылғы 1 ақпанға дейін камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар және салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар қалыптастыру тоқтатылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -