Қазақстан Елшісі Сергей Нұртаев Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды

10758
 

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Сергей Нұртаев Дания Патшайымы Маргрета II сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Тапсыру рәсімі салтанаты «Амалиенборг» корольдік сарайында өтті.

Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздерін жеткізіп, Маргрета II таққа отыруының 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Патшайым барлық қазақстандықтарға ізгі ниетін білдіріп, Елшіге  Қазақстан мен Дания арасындағы қарым-қатынастарды нығайту жолында табысты және жемісті жұмыс тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -