Қазақстан-Жапон дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығына орай Қазақстан СІМ-де кездесу туралы

736
Фотосурет: mfa

Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 30 жылдығына орай Жапония Елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесу барысында Ш. Нұрышев соңғы 30 жылда қол жеткізілген Қазақстан-Жапония стратегиялық әріптестігінің жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Дипломаттар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін қозғай отырып, екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Тараптар мерейтойлық күнге орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пен Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисиданың, сондай-ақ Қазақстан Премьер – Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің және Жапония Сыртқы істер министрі Ёсимаса Хаяшидің құттықтау жеделхаттарымен алмасты.

М. Тілеуберді өз жолдауында Қазақстанның мемлекеттік құрудың өзіндік үлгісідгі жетістіктеріне Жапон үкіметін мен халқының қолдауын атап өтіп, Қазақстанның Жапониямен ынтымақтастықтың серпінді дамуына үлкен көңіл бөлетініне сендірді. «Осы ретте Қазақстан мен Жапония арасындағы тығыз саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың әлеуеті зор екенін ескере отырып, екі елдің кеңейтілген стратегиялық әріптестігі одан әрі дами түсетініне үміт артамын», – деді Министр.

Өз кезегінде, Ёсимаса Хаяши «Жапония мен Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері саяси диалог, экономика және адами ресурстарын дамыту секілді кең ауқымды салалардағы қарым-қатынастарын нығайтып келеді және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік тұрақты түрде тереңдей түсуде», – деп атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -