ҚазҰУ-да 8 наурызға тарту ретінде жаңа кофехана ашылды

15477

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне тарту ретінде «The library» кофеханасы ашылды. Енді ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері және қонақтары әр бір жаңа күндерін көңіл сергітетін, дәмді кофемен бастай алады. Ашылу құрметіне орай әрбір адам кофені 100-ден 600 теңгеге дейін өздері бағалап, сатып ала алатындай арнайы жеңілдіктер қарастырылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.


Ерекше жасалған кофехананың дизайны көздің жауын алады. Іші жайлы, кофенің бағасы қолжетімді. Келушілердің қалауына тәтті сусындар, дәмді бәліш пен круассан ұсынылады. Кофехана сатушылары сіздерге қызмет көрсетуге әзір.

Кофехана дүйсенбі-сенбі күндері аралығында сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекен-жайы: Әл-Фараби 71(Ректорат ғимаратының оң жағында).

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -