ҚазҰУ қалашығы студенттерге қолайлы болуы тиіс

13365

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ қалашығы аумағын аралап, асханалар мен кофеханалар жұмысымен танысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Университет басшысы ректорат ғимаратының жанынан жаңадан ашылған The library кофеханасында болып, қызмет көрсету сапасына оң баға берді.

8 Наурыз мерекесі қарсаңында жұмысын бастаған кофехананың іші жайлы, дизайны да  ерекше. Университет ректоры Жансейіт Түймебаев кофехана басшысына білім алушы жастар үшін ұсынылатын өнімдерге қолжетімді баға қою қажеттігін баса айтты.

Ректор сонымен қатар университет аумағындағы бос тұрған орындарды тиімді пайдаланып, білім алушыларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Яғни студенттер үшін демалыс орындарын көптеп ашу қажет екенін жеткізді.

«Біздің студенттер асхана немесе демалыс орындарын іздеп, университет аумағынан шықпауы қажет. Студенттер үшін барлық жағдай қалашықта жасалуы тиіс. Сондықтан бос тұрған орындарды тиімді пайдаланып, кәдеге жарату маңызды», – деді Жансейіт Түймебаев.

Университет басшысы білім алушы жастардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, аталған жұмыстарды тиімді жүзеге асыруды тапсырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -