«Әл-Фараби – 2022» халықаралық олимпиадасы

800

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасын өткізеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен жүзеге асады.

Олимпиада жеңімпаздары ҚР БҒМ І, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталып, білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес, ЖОО-ға түсу кезінде басым құқыққа ие болады. Сонымен қатар жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарға ҚазҰУ гранты табысталады.

Олимпиада үш кезеңнен тұрады: 1-ші және 2-ші кезеңдер on-line түрде www.kaznu.kz сайтында online-test.kaznu.kz сілтемесі арқылы өтеді.

Олимпиада келесі пәндер бойынша өткізіледі: ағылшын тілі, биология, дүниежүзі тарихы, география, информатика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті, математика, неміс тілі, орыс тілі және әдебиеті, физика, француз тілі, химия.

Олимпиадаға тіркелу 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында online-test.kaznu.kz сілтеме арқылы онлайн түрде жүргізілетінін мәлімдейміз.

Қазақстандық оқушылар үшін 1-кезең 15-16 сәуірде (сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін), 2-кезең 26 сәуірде (сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) онлайн режимде өткізіледі.

ТМД елдерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден қатысатын білім беру ұйымдарының түлектері үшін 1-кезең 18 сәуірде (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша), 2-кезең 26 сәуірде (сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) онлайн режимде өткізіледі.

Екінші және үшінші кезеңге 23 және одан жоғары балл алған қатысушылар өтеді.

Қазақстандық оқушылар үшін 3-кезең мамыр айының 5-6 күндері офлайн форматта университет базасында өтеді. Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 3-кезеңінің тапсырмалары теориялық және практикалық есептер түрінде болса, ал жалпы гуманитарлық бағытта эссе жазу және университеттің зертханалық кешендерінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша теориялық сұрақтарға жауап беруден тұрады.

Шетелдік оқушылар үшін 3-кезең мамыр айының 5-і күні   (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-17:00 аралығында) скайп арқылы онлайн түрде өтеді.

Байланыс телефоны:

тел.: 377-33-30; 377-33-33; ішкі нөмір 33-66

График проведения 1 тура

Правила проведения олимпиады

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -