Ол үлгілі ұстаз, білікті басшы еді

636

Галина Қуанышева – химия ғылымының докторы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, фосфат шикізатының, сондай-ақ басқа да химия жəне экология саласы бойынша ірі ғалым, талантты педагог. Ол органикалық емес химияның негізгі курстарының жəне химия бойынша фосфаттық тыңайтқыштар мен минералдық тыңайтқыштар бойынша арнайы, авторлық курстарын оқыды. Зертханалық жұмыстар мен семинарлық сабақтар жүргізді. Бакалаврлардың дипломдық жұмыстары мен магистрлардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік  етті .

1971 жылы Г.Қуанышева «Үрдістерді зерттеу мен табиғи фосфаттар мен силикаттар негізіндегі магний-фосфорқұрамды заттардың құрылу шарттары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Сол жылы Органикалық емес химия кафедрасының аға оқытушысы қызметіне ұсынылады. Осы кезден бастап оның өмірбаянында педагогтық кезеңі басталады. 1975 жылы доцент болып тағайындалады, 1991 жылы «Фосфаттардың кальциймен, магниймен, кремниймен гетерогендік термолизімен синтезі жəне олардың тыңайтқыштық қасиеттері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады, 1993 жылы қазан айында  оған  профессор  атағы  беріледі.

Ғалым 30-ға жуық оқулық пен əдістемеліктер жариялады. Үлкен курстар мен магистранттар үшін оқу үрдісіне бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын енгізді. Галина Сафағазықызының ғылыми еңбектері терең зерттеулерге, яғни химиялық фосфаттар негізінде органикалық емес материалдар мен заттарды алуға бағытталған. Сондай-ақ ол фундаменталдық зерттеулер жобасының жетекшісі. Г.Мақашева, Б.Балғышева, Г.Жамансариева секілді шәкірттерімен бірге көпжылдық зерттеулер негізінде синтезді болжау шарттары мен мономерлік және полимерлік фосфаттардың түрін өзгертудің теориялық негізін қалады. Жеке ғылыми зерттеулердің жəне авторлармен бірігіп жасаған жұмыстарының нəтижесінде 300 ғылыми жəне әдістемелік еңбектер, оның ішінде бір монография, алты авторлық куəлік алды.

Фосфаттарға деген қызығушылық фосфор тыңайтқыштарының жетіспеушілігінен жəне төменгі сортты фосфориттерден алынатын тыңайтқыштардың жаңа түрлерін өңдеудің қажеттілігінен туындаған. Қышқылсыз өңдеудің жолдары Қаратау, Шилісай жəне Жетіқара серпентиндерінің фосфориттері ПО «Куйбышевфосфорда» өндірістік тəжірибеден өтті. Тəжірибедегі тыңайтқыштар (100 т) Ақтөбе жəне Павлодардың далалық жағдайдағы шаруашылықтарында сынақтан  өткізілді .

Галина Сафағазықызы жоғары білікті кадрларды даярлауға белсенді қатысты. Оның  жетекшілігімен  үш  докторлық  ж əне  сегіз  кандидаттық  диссертация  қорғалды . Профессор Г.Қуанышеваның оқушылары республиканың көптеген аймақтарында жұмыс  істейді . Ол белсенді педагогикалық жəне ғылыми жұмысы үшін 1992 жылы «Қоғамдық білімнің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ғалым 1996 жылдан бастап Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» құрметті белгісінің иегері ж əне  2010 жылы « ҚР  ЖОО  үздік  оқытушысы »  байқауының  жеңімпазы атанды .

«Адам жарық дүниеге келген кезде оған табиғат энергетикалық мүмкіндіктер береді. Олар адам ақыл-ойының, мінезінің жəне денесінің жағдайын анықтайды. Осылай адам тұлға ретінде қалыптасады. Сонымен бірге адамның мектепте, ЖОО-да, еңбек ұжымында алған тəрбиесі де үлкен рөл атқарады», – деп кезекті бір жиындағы айтқан осынау бір ақеділ, жүрекжарды сөзі əлі күнге дейін біздің есімізде сақтаулы. Галина Сафағазықызының осы бір сөздерінен-ақ оның өмірде қандай адам болғанын  аңғару  қиын  емес .

Галина Қуанышева 2017 жылы өмірден озды. Көзі тірі болғанда бүгінде сексеннің сеңгіріне шығар еді. Ол бүкіл өмірін ізденіспен өткізген ізгі жан. Ең бірінші, қазақ химиясына елеулі үлес қосқан қайраткер-ғалым, екіншіден, үлгілі ұстаз, үшіншіден, білікті басшы бола білді. Ұстазымыз кейінгі ұрпақтың есінде мәңгі қалады деген сенімдеміз.

Г.МАҚАШЕВА, Б.БАЛҒЫШЕВА, химия ғылымының докторлары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультеті

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -