Шымкентте ТМРКД-ның қаулысы өзгеріссіз қалды

7667
Фотосурет: АР

Бұған дейін, жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті  "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Шымкент өндірістік филиалын "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Нәтижесінде, филиалға Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жалпы сомасы 4 667 200 теңге айыппұл салынған болатын.

Алайда, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның  Шымкент өндірістік филиалы Департаменттің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулысымен келіспей, сотқа шағымданды.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2022 жылғы 5 сәуірде ТМРКД-ның қаулысын өзгеріссіз қалдырды, ал филиалдың шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -