Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетті

11297

Сәуірдің 27 мен 28 күндері Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары «Астана Опера» сахнасында Р. Дригоның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» қойылымын сахналады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Раушан гүлі мен көбелектің романы» – аса көрнекті балетмейстер Мариус Петипаның үлкен театр сахналарында қойылмай келген соңғы туындысы. Қойылымның әлемдік премьерасы өткен жылдың қараша айында «Астана Балет» театрында сахнаға жол тартқан еді.

Енді міне, хореография академиясының білім алушылары «Раушан гүлі мен көбелектің романын» «Астана Опера» театрының көрермендеріне ұсынды.

«Осынау ғажап спектакльге Академиямыздың әртүрлі жастағы білім алушылары қатысты. Бұл балеттің ерекшеліктері өте көп, сонымен қатар хореографиясы да күрделі. Спектакль Риккардо Дригоның әсерге толы музыкасымен керемет үйлеседі.  Дәл осы «кішкентай жауһар» Хореография академиясының тарихында қалатын үздік бетке ұстар қойылымға айналды» «Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -