ҚазҰУ мұражайында Ерлік сабағы өтті

958

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әскери кафедра оқу орнының мұражайымен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған Ерлік сабағын және мәнерлеп оқу байқауын өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.


Екі атаулы мереке – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні қарсаңында өткізілген бұл әскери-патриоттық шара дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Биылғы Ерлік сабағына Қарулы Күштердің отставкадағы полковниктері – Қазыбек Мамсуров пен Раулан Мұздыбаев қатысты.  

Қарулы Күштердің еңбек сіңірген ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, отставкадағы полковник Қазыбек Мамсуров студенттерге тәуелсіз Қазақстан армиясының құрылуы мен қалыптасуы, мемлекетіміздің әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы  Ассамблея қызметінің маңызы жайлы әңгімелеп берді.

Ерлік сабағына қатысқан Әскери кафедра студенттері Отан қорғаушыларға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқу, презентациялар мен музыкалық нөмірлер байқауларында сынға түсті. Жеңімпаздарға Әскери кафедра бастығы, полковник Олег Ажимов Құрмет грамоталарын табыстады.

Мұражай басшысы Ардақ Жабықпаева мен Әскери кафедраның әскери-патриоттық жұмыс бөлімінің бастығы Эльнара Бейсетбаева іс-шараның жарқын әрі қызықты өтуіне атсалысты.

 Шара соңында студенттер құрметті ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, ерен ерліктері үшін шынайы ризашылық білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -