2022 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Халықаралық музей күніне орай «Музей құпиясы» көрмесін ашылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«Музей құпиясы» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей қоры коллекцияларын музейтану тұрғысынан зерделеудің нәтижесі болып табылады.
Көрменің жаңалығы – мұнда Кітапхананың көрме ұйымдастыру тәжірибесінде алғаш рет экспозициялық материал ретінде музей экспонаттарының қаптары, қынаптары мен қаптамалары ұсынылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа мемлекеттің жоғары лауазымдағы қызметі кезеңінде шет мемлекеттердің басшыларынан, жаһандық мекемелерден, халықаралық мекемемелер, компаниялар мен қорлардан, түрлі ведомстволар мен қарапайым азаматтардан көптеген сыйлықтар табыс етілді.
Көрмесінің материалдары мынадай сипаттамалар бойынша жіктелді:
- Функционалдық мақсаты;
- Төсеу, жабу, тасымалдау әдістері;
- Сыртқы бетін өңдеу техникасы.
Бүгінгі таңда сыйлық орау өнері, сонымен қатар үстелді жабдықтау, букет безендіру немесе интерьер дизайны сәндік-қолданбалы өнердің жаңа бағыты болып табылады, Сыйлықтың қаптамасын безендіру өнердің дербес бағытына айналып келеді. Бұл өнер әр адамға қиялы мен арманын қағаз, таспалар және сәндік материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асыру еркіндігін береді.