«Астана Опера» ребрендинг жүргізуде

560

Елордалық театр оныншы маусымға қызу дайындалуда, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мерейтойлық датаға орай «Астана Опера» басшылығы ребрендинг жүргізіп, оның аясында логотип, ресми сайт жаңартылды, маркетингтік өнімнің барлық фирмалық стилі, оның ішінде билеттердің сырты өзгертілді.

– Театр 2013 жылы көпшілік көрерменге есігін ашты, біздің ойымызша өзгеру әрі жаңару уақыты келді. «Астана Опера» қызметін жалғастырып келе жатқан жылдары мұнда көптеген айтулы оқиғалар орын алды, біз оң әрі қызықты имидж қалыптастыруды, мақсатты аудиторияны кеңейтуді әрі қарай қолға алып, заманның қарқынды ағынына сай болғымыз келеді. Мерейтойлық маусымымыз қыркүйекте басталады, соған орай көпшілікті сансыз түрленулермен таңғалдыра аламыз деген сенімдемін. Сондай-ақ «Астана Опера» жаңа технологияларды дамытуға көп көңіл бөледі. Театр сайтында VR-саяхат қолданысқа енгізілді, ал City360 веб-ресурсының көмегімен енді көрермендердің билет сатып алардан бұрын көрермендер залында орын таңдауға және залдың осы нүктесінен сахнаның көрінісі қалай болатынын көруге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар біз зағип жандарға арналған мобильді қосымша мен сайт нұсқасын әзірлеп, іске қостық, – деді «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Ребрендинг көптеген өзгерістермен байланысты, алайда бастысы «Астана Опера» логотипіне қатысты болды, өнер ордасының логотипі әлемдік мәдени кеңістікте танымал болуы тиіс деп түсіндірді театрда. Негізгі мақсат «Астана Операның» құрылысы кезінде қамтып көрсетілген, бірегей архитектурасында әлемдік сәулет өнерінің үздік классикалық дәстүрлері мен айрықша ұлттық колорит үйлесім тапқан символиканы сақтау болды. Осылайша, театр атауының заманауи қаріптік кескінделуімен қатар, жаңа логотипке «Астана Опера» ғимаратының жоғары жағына көрік берген квадриганың суреті енді. Бір қарағанда ол күймелі арбаны басқарып отырған сақ патшайымы Томиристің бейнесін көз алдыңызға әкеліп, театр өнерінің символы саналады.

 «Астана Опера» – еліміздің музыкалық мәдениетінің орталығы, балет мектебі мен ұлттық опера дәстүрлерін сақтаушы. Брендтің визуалдық белгілерінің рестайлингін жасау кезінде қазақстандықтарға елордалық театрды еске салатын көпшілікке таныс әрі үйреншікті элементтер сақталынды.

Жаңарту жұмыстарына шамамен үш ай уақыт жұмсалып, бәрі сәтті аяқталды. Театр ұжымы дауыс беру арқылы ұсынылған алты логотиптің ішінен бір нұсқаны таңдады.

Жұмыс істеген тоғыз жыл ішінде «Астана Операның» ресми сайты да өзгерген болатын. Театр қорының келбеті көбінесе IT индустрияда ойлап табылған жаңашылдықтарға байланысты. Цифрландырудың заманауи үрдістері жаһандық желіде өз трендтерін ұсынады. Театр сайтының жаңартылған нұсқасында айрықша кәдесыйлық өнімді сатып алу, театрдың Достар клубына өтіп, мүшелік картаға ие болу, сондай-ақ афишамен танысып, жаңалықтарды оқу мүмкін болатын қызметтер пайда болады. Сайт әртістердің қызметі, өмірбаяндары, гастрольдік қызметі жайлы маңызды ақпараттар мен басқа да қызықты мәліметтерге толы болады.

Өнермен қарым-қатынас жасағанға ештеңе жетпейді. «Астана Операда» орын алып жатқан жаңа, қызықты әрі соны оқиғаларды бақылай отыра, театр сонау 2000 жылдары негізі қаланған елордалық мәдениет дәстүрлерін үнемі ұстанып келе жатыр деп сеніммен айтуға болады. Алда келе жатқан мерейтойлық маусым мазмұнды болады және, әлбетте, барлық театрсүйер қауымды таңғалдырады деп күтілуде. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -