Шахтинсктің жас тұрғындары жазғы демалыс алдында мектеп жанындағы аумақтарды ретке келтірді

389

Жазғы демалыс қарсаңында Шахтинск қаласының жалпы білім беретін мектептерінде «Қош бол, мектеп!» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мектеп ауласын және оған іргелес аумақты ретке келтіру үшін қаланың 1-ден 11-ші сыныпқа дейінгі барлық оқушылары шықты.

Осылайша акцияны ұйымдастырушылар Шахтинскідегі жас буынды қоршаған ортаны қорғау проблемаларына тартуды жөн көрген.

– Бүгін біз барлық мектебімізбен экологиялық акцияға қатыстық, – дейді № 5 мектеп-гимназиясының 9 «Б» сынып оқушысы Никита Ляпутин. – Менің ойымша, жазғы демалыс алдында оқу орнының аумағын тазарту өте дұрыс шешім. Эко іс-шара қаламыздың барлық мектептері үшін жақсы дәстүрге айналады деп ойлаймын.

Биылдан бастап «Қош бол, мектеп!» экологиялық акциясы жыл сайын ұйымдастырылып, дәстүрге айналмақ.

 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -