ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жыл сайын табиғи монополиялар субъектілері ұсынған бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарлама іс-шараларының орындалуы туралы есептерге талдау жүргізетіні белгілі («Табиғи монополиялар туралы» Заңға сәйкес), деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Бүгінгі күні ТМРК қарауында табиғи монополиялар субъектілердің бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептер жатыр, олар «Монополист» Базасы веб-порталында орналастыру арқылы ұсынылған және қол жетімді.
Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамасында белгіленген құқықтардан басқа, сондай-ақ: тарифтің және инвестициялық бағдарламаның жобаларын, бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерді уәкілетті органның қарауына қатысады («Табиғи монополиялар туралы» Заңының 29 – бабының 3) тармақшасы).
Осыған байланысты, ТМРК қоғамдық бірлестіктердің 2021 жылға бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді қарауға қатысу және тарифтік ведомствоның мекенжайына 2022 жылғы 23 маусымға дейін табиғи монополиялар субъектілерінің есептері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді ұсыну мүмкіндігі туралы хабарлайды.