Бүгін Қазақ киносы күні аталып өтуде

10769

12 қыркүйек «Қазақ киносының күні» деп 2005 жылы қазақстандық Кинематографистер одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков атауды ұсынды. Содан бері Қазақстанда 17 жыл бойы бұл күн тойланып келеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстандық кинематографияның тарихы 1938 жылы экранға шыққан «Амангелді» фильмінен бастау алады. «Ленфильм» киностудиясында түсірілген Фильм Ұлы батыр Амангелді Иманов туралы баяндайды. Режиссеры Марк Левин, ал Амангелді рөлін актер Елубай Өмірзақов сомдады.

1941 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақ КСР үкіметінің хроникалы Фильмдер базасында Алматы кинематографиялық студиясын құру туралы қаулысы шықты.

Қазақ киносының дамуы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында басталды. Алматыда «Ленфильм» және «Мосфильм» киностудиялары жұмыс істей бастады. 1941 жылы 12 қыркүйекте Алматы қаласында көркем және деректі фильмдер студиясы фильмдер түсіруді қолға алды.

1960 жылы Алматы көркем және хроникалы Фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» деп аталды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді.

Тәуелсіздік жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында 600-ден астам киноленталар, оның ішінде 149 толықметражды көркем фильмдер (оның ішінде 6 телевизиялық көркем фильмдер), 91 қысқаметражды, 287 деректі фильмдер (оның ішінде 8 деректі сериалдар), 75 анимациялық фильмдер (оның ішінде 1 анимациялық сериалдар, 3 толықметражды анимациялық таспалар) жарық көрді.

Киностудия имидждік, әлеуметтік маңызы бар және идеологиялық бағыттағы көпжанрлы кино, жобалар шығарады. Киностудия шығарған фильмдер халықаралық кинофестивальдерге үнемі қатысады, жүлделер мен халықаралық сыншылардың оң пікірлерін алады.    Соңғы 30 жылда «Қазақфильм» киностудиясының 200-ден астам картиналары әлемнің 60 елінде 220-дан астам фестивальдер мен халықаралық көрсетілімдерге қатысып, 300-ден астам түрлі жүлделерді жеңіп алды, олардың ішінде 51 Гран-при.

Қазақстандық фильмдер қазір әлемнің ең беделді фестивальдеріне қатысып, марапаттарға ие болуда. Соңғы бірнеше жылда қазақстандық режиссерлердің фильмдері Венециядағы, Канндағы, Сан-Францискодағы, Брауншвейктегі, Туриндегі, Париждегі, Мәскеудегі және әлемнің басқа да көптеген қалаларындағы «А» класындағы ірі халықаралық фестивальдерде көрсетіліп, түрлі жүлделерді қанжығалап жүр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -