Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Бұйрығымен белгілі журналист, талантты қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты Нұржан Қуантайұлы журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Нұржан Қуантайұлы 1971 жылы, 22-қаңтарда туған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі.
Қазақ радиосында аға редактор, Қазақстан Журналистер одағына қарасты Журналистердi қолдау қорының вице-президентi, «Жас алаш», «Ақ жол - Қазақстан», «Айқын», «Алматы ақшамы» басылымдарында жауапты қызметтер атқарып, «Шығыс ақпарат» медиа-холдингін басқарған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнiң журналистика факультетiнде аға оқытушы, «Tenge monitor» газетінің бас редакторы қызметтерін қатар атқарған.
Қазақ жауарналистикасының ұстаханасы – журналистика факультеті жаңа белестерге көтеріледі деп сенеміз.