ҚР ИИДМ-де тау-кен металлургия кешенінің отандық кәсіпорындарының өкілдерімен жиын өтті

881

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тау-кен металлургия кешеніне қатысты Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Отандық кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу барысында өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету, елішілік құндылық бағдарламасын әзірлеу және тауар өндірушілермен офф-тейк келісімшарттар жасау мәселелері талқыланды.

Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспановтың айтуынша, соңғы жылдары металдардың әлемдік бағасы айтарлықтай өсті, мысалы, алюминий құны 78%, мыс 69%, қорғасын 20% артқан.

«Министрлік өңдеуші өнеркәсіптің қазақстандық кәсіпорындарын Лондон металдар биржасынан (LME) төмен бағамен шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін пысықтады. Алюминий LME минус 5%, мыс LME минус 5%, қорғасын LME минус 2%. 2021 жылдың қазан айында алюминий саласында «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ - мен 7 келісімге қол қойылды» Ілияс Оспанов

Өз кезегінде министр кәсіпорындардың өкілдеріне жақын арада көрсетілген бағалар бойынша үшжақты келісімдерге қол қоюды тапсырды.

Бұдан бөлек, бүгінде ірі жер қойнауын пайдаланушылардың алдында елішілік құндылықты дамыту бойынша жеке бағдарламаларды қабылдау міндеті тұр. Аталмыш бағдарлама 4 негізгі бағыттан тұруы тиіс, яғни ағымдағы жағдайдың сипаттамасы, жұмыс жоспары, қолдау тетіктері және әлеуметтік қолдау.

Өз кезегінде Ілияс Оспанов қазіргі уақытта 6 жер қойнауын пайдаланушы ("Казцинк" ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, ERG, KAZ Minerals, "Арселор Миталл Теміртау" АҚ, "Алтыналмас "АҚ) бағдарламалардың тұжырымдамаларын ұсынып, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстар талқылану барысында екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, кеңес барысында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық өндірушілер арасында офтейк-келісімшарттар жасау мәселесі талқыланды. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты отандық өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы елішілік құндылық үлесін арттыру болып табылады. Офтейк-келісімшарттар мен келісімшарттық сатып алулар жасау тәртібі 5 кезеңнен тұрады. Осыған байланысты министр импортталатын тауарлардың тізбесін уақытылы келісуді және офтейк-келісімшарттар жасау жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -