Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

564

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев жұмыс сапарын Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуден бастады.

Қарағанды облысы – еліміздің географиялық ғана емес, индустриялық орталығы. Өңірде Қазақстанның экономикалық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқаратын көптеген тау-кен-металлургия және көмір өндіру өндірістері бар.

Мұнда көмірдің үштен бірі және республикамыздың жартысына жуығы, 85% – дан астам болат және 100% табақтық илем өндіріледі. Облыс еліміздің өнеркәсіп секторының локомотиві болып табылады. Өңір қарқынды дамуда және экономиканың барлық салаларында тұрақты өсуді сақтап отыр.

Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу секторының үлесі 80% құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша өңір ел бойынша жетекші орында тұр.

– Сонымен бірге бұл бағытта облыстың дамуы үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Ағымдағы жылдың шілде айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында мен өңдеуші саладағы инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру бойынша аса маңызды жұмыстардың қажеттілігі туралы айттым, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.  – Отандық экономиканы әртараптандыру күрделі геосаяси жағдайды және тұрақсыз әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып одан да өзекті болып отыр. Мемлекеттің міндеті – орта және жоғарғы қайта бөлу тауарларының өндірісін ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Қарағанды облысында "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы мен Saran индустриялық аймағының аумағында бірқатар перспективалы өнеркәсіптік жобалар іске асырылуда, ірі кәсіпорындар іске қосылды. Олар шетелдік компаниялардың релаксация алаңы бола алады және болуы керек. Тек тиісті шарттар қажет.

– Сондықтан Үкіметке 2023 жылы Saran индустриялық аймағының инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау тапсырылады, - деді Президент.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -