«Junior Eurovision 2022» байқауына Қазақстанның атынан Давид Чарлин қатысады

1177

«Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Меңілбеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ХХ рет өткізілгелі отырған балалар арасындағы Евровидение халықаралық ән байқауына қатысты ақпаратпен бөлісті. «Junior Eurovision 2022» байқауында Давид Чарлин ел намысын қорғайтын болады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады, яғни өскелең ұрпақты дәріптеп, өнеріне, шығармашылығына қолдау көрсетіледі.

«Биыл ән байқауы желтоқсан айында Армения астанасы Ереван қаласында өтеді. Ал Гранд-финалы 11 желтоқсанға белгіленген. Өнер додасының ақтық сыны көрермен назарына «Хабар» арнасынан сол күні сағат 21-00-де көрсетіледі. Байқауға 16 елдің жас өнерпазы қатысады. «Хабар» агенттігінің EBU одағына қауымдастырылған мүше ретінде кіруі Қазақстанға 2018 жылдан бастап «Junior Eurovision» балалар ән байқауында өз үміткерін ұсынуға мүмкіндік берді. Ғаламдық өнер додасына қатысқан жас өнерпаздарымыз осы аралықта жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда: 2018 жылы Минск қаласында өткен байқауда Данелия Төлешова 6-орын алды. 2019 жылы Ержан Максим Польшаның Гливица қаласында ұйымдастырылған өнер додасында 2-орын иеленді. Қарақат Башанова 2020 жылы пандемия кезінде онлайн өткен байқауда 2-ші орынға тұрақтады. Ал былтыр Парижде өткен байқауда елімізден екі өнерпаз – Алинур Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы қатысып, жалпы командалық есепте 8-ші орынға табан тіреді», - деді спикер.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -