ҚазҰУ Кәсіподақ күнін атап өтті

815

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кәсіподақ күніне арналған салтанатты жиын өтті. Онда ұйымның атқарылған жұмысы қорытындыланып, белсенді кәсіподақ мүшелері марапатталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Шараға қазақстандық салалық «Парасат» кәсіптік одағының төрағасы Данат Жанатаев, «Парасат» кәсіподағының алғашқы төрайымы Лейла Ахметова, кәсіподақтың бюро төрағалары мен мүшелері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың құттықтауын ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының басшысы Талғат Мекебаев оқыды. 

«Бүгінде ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы басшылық пен ұжым арасындағы алтын көпір қызметін атқаруда. Сіздер кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғап, еңбек қауіпсіздігін сақтауда игі жұмыстарға бастамашы болып отырсыздар. Ұжымдағы әр адамның лайықты көмек пен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз етуде елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Қайырымдылық қағидаттарына негізделген ізгі дәстүрлеріңіз жүйелі жалғасын таба берсін. Береке мен бірлікке бағытталған кәсіподақ бастамалары нәтижелі болсын!» Жансейіт Түймебаев

Сонымен қатар кәсіподақ төрағасы өз сөзінде ЖОО-дағы кәсіподақ қозғалысы бастауына сүбелі үлес қосқандарға, оның ішінде ғалым және қоғам қайраткері Лейла Ахметова мен заң факультетінің профессоры Дәулет Рысқалиевтің еңбегіне ерекше тоқталды. Кәсіподақ мүшелерінің өтініштері бойынша материалдық көмек бөлу жөнінде баяндады.

Шара барысында ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағы төрағасының орынбасары Ольга Ложникова Университеттердің еуразиялық кәсіподақ ұйымдары қауымдастығы ХХХIV съезінің жұмысы туралы есеп беріп, ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал кәсіподақ комитетінің заңгері Данияр Рысқалиев кәсіподақтың жаңа мүшелерін тіркеу барысы туралы айтты.

Жиында кәсіподақ белсенділеріне ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподағының Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ филология факультетінің кәсіподақ бюросының төрайымы Анар Әшірова, шығыстану факультетінің кәсіподақ мүшесі Айнұр Түргенбай, Ректор аппараты кәсіподақ бюросының төрайымы Райгүл Сұлтан, география және табиғатты пайдалану факультетінің кәсіподақ мүшесі Клара Мақаш, Ақпараттық технологиялар және инновациялық даму институты кәсіподақ бюросының төрайымы Гүлшат Сыдықова, тарих факультетінің доценті Ерке Картабаева және Өндіріс департаментінің кәсіподақ комитетінің мүшесі Рауза Құдайбергенова сынды белсенді қызметкерлер ұйым жұмысына елеулі үлес қосқаны үшін «Құрмет» медалімен марапатталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -