ҚазҰУ-да супермаркеті ашылды

907

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында сауда желісі ашылды. Салтанатты шараға университет басшылығы, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Айтулы күнді студенттер асыға күтті. Енді қалашық жастары азық-түлік алу үшін сырттағы супермаркеттерге барып әуреленбейді. Бүгіннен бастап жұмысын бастаған супермаркет жастарға азық-түліктің аса ауқымды түрін ұсынады. Заманауи үлгіде жасақталған супермаркет таңғы 9:00-дан түнгі 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 300 шаршы метрді құрайтын супермаркетке 2300-ден астам тауар түрі қойылған.

«Университетте сапалы әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету бойынша жұмыстар күшейтілуде. Бүгінгі сауда желісінің ашылуы сол жұмыстың жалғасы. Бұл игіліктер университет ректоры Жансейіт Қансейітұлының бастамасымен жүзеге асты. Супермаркет оқу ғимараттары және жатақханаларға жақын орналасқан. ҚазҰУ студенттері мен қызметкерлерінен бөлек, бүгін жақын маңдағы қала тұрғындары да келіп жатыр» Калилла Абдуллаев, Басқарма мүшесі – қаржылық қызмет жөніндегі проректор

Ашылу салтанатына қатысқан студенттердің бірі механика-математика факультетінің 1-курс студенті Данагүл Адал бүгінгі ашылып жатқан супермаркеті студенттер үшін тосын сый болғанын жеткізді.

«Супермаркеттің ашылуы біз үшін жағымды жаңалық. Бұрын қалашық сыртындағы супермаркеттерге барып, азық-түлік алатынбыз. Енді жатақхана жанында орналасқан супермаркеттен іздегенімізді табатын болдық. Уақыт үнемдейміз. Қалашықтағы басқа дүкендермен салыстырғанда бағасы едәуір арзан. Сонымен қатар, банк карточкасы арқылы да төлеуге болады» Данагүл Адал, студент

«Қалашықта студенттерге үлкен супермаркет өте қажет еді. Сол бастама бүгін жүзеге асып, супермаркеті ашылып жатыр. Өте қуаныштымыз. Мұнда азық-түлік, жеміс-жидек, көкөністің кез келген түрі мен күнделікті тұрмысқа керектінің бәрі бар екен. Білім алушы жастарға қолайлы жағдай жасағаны үшін университет басшылығына ризашылығымызды білдіреміз» Нұрмұхаммед Райымбек, журналистика факультетінің 2-курс студенті

Айта кетейік, супермаркетінде ашылуына орай тауарларға арнайы жеңілдіктер мен бонустық жүйе де қарастырылған.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -