Еңбекмині ХЕҰ конвенцияларын олардың Миссиясымен талқылады

11055

Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) техникалық миссиясы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, олардың барысында ХЕҰ № 87 және № 190 конвенцияларын іске асыру бойынша техникалық қолдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Қауымдастық бостандығы және ұйымға құқықты қорғау туралы» № 87 конвенцияны талқылау барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ХЕҰ ұсынымдарын, оның ішінде ұлттық заңнамаға әзірленген түзетулерді іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар миссияның сапары барысында «Жұмыс берушілер бірлестіктері туралы» заң жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңес өткізілді, оған ҚР «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының, «Kazenergy» қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының, Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері қатысты. Оның қорытындысы бойынша Тараптар осы мәселені одан әрі талқылау үшін жұмыс тобын құру туралы уағдаласты.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел өткізіліп, оның барысында ХЕҰ өкілдері «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы» № 190 конвенцияның нормаларын түсіндіру бойынша презентациялар жасады. Іс-шара барысында ХЕҰ өкілдері бірқатар ұсыныстарды айтты.

Сапар қорытындысы бойынша ХЕҰ техникалық миссиясының мүшелері Еңбекминінің № 87 Конвенцияның ережелерін орындау және жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін бірлестік еркіндігіне құқықты қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмысына оң баға берді, сондай-ақ халықаралық тәжірибемен бөлісуге және конвенцияларды іске асыру жөніндегі одан әрі жұмысқа өздерінің техникалық қолдауын көрсетуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -