Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Тамара Дүйсенова Әлеуметтік кодекстің жобасы туралы елшілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне айтты

497

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Сыртқы істер министрлігінің алаңында Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.  

ЕХӘҚМ басшысы кіріспе сөзінде биылғы жыл Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына және бірқатар елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Қазақстанның жақын және алыс шет елдермен ынтымақтастығы үдемелі түрде, оның ішінде үкіметаралық комиссиялар отырыстарының қорытындылары бойынша уағдаластықтарды орындау, халықаралық шарттар, меморандумдар жасасу, келіссөздер мен консультациялар өткізу шеңберінде дамуда. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы екіжақты және көпжақты шарттық база кеңеюде.

«Біз әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелерімен ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалаймыз және одан әрі бірлескен және нәтижелі жұмыс істейміз деп үміттенеміз», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Министр сондай-ақ кездесуге қатысушыларды Еңбекмині халықты әлеуметтік қолдауды жақсартуға бағытталған шаралар кешенін көздейтін Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірлеуді аяқтағандығы туралы хабардар етті.

«Әлеуметтік кодекс әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде мемлекет тарапынан көмекті қамтамасыз ете отырып, азаматтарды өмір бойы сүйемелдейтін болады. Бұл ретте азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдау тәсілінен қазақстандық отбасын нығайту мен дамыту үшін базалық жағдайлар жасауға көшу жүзеге асырылатын болады», – деді Дүйсенова.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Әлеуметтік кодекс жобасында:

- Отбасының цифрлық картасы арқылы проактивті форматта белгіленген әлеуметтік мемлекеттік кепілдіктер беру арқылы отбасылардың әлеуметтік тәуекелдерінің алдын алу жүйесін қалыптастыру;

- жұмыс күшінің кәсіби дағдыларын күшейтуді, икемді жұмыспен қамтудың барлық түрлерін заңнамалық бекіту мен реттеуді, технологиялар мен білім трансферті үшін білікті кадрларды тартуды, ішкі көші-қонды реттеуді, жұмыспен қамту орталықтарын мансап орталықтарына айналдыруды және көрсетілетін қызметтерді ауқымды цифрландыруды көздейтін жұмыспен қамту саласында жаңа саясат жүргізу;

- бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту, мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құру есебінен азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру;

- мемлекеттік жәрдемақы мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді төлеу мерзімін бір жарым жасқа дейін ұзарту, наградталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалар 18 жасқа толғанға дейін арнайы жинақтау шоттарына аударымдар жасау жолымен балалары бар отбасыларды қолдау шараларын күшейту;

- жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту, ауқымды цифрландыру және адами факторды төмендету есебінен әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту (әлеуметтік қызметтер порталы, медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу) қарастырылғанын атап өтті.

ЕХӘҚМ басшысы сондай-ақ кездесуге қатысушыларды елдің экономикалық дамуын кадрлық қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған және Қазақстанға білікті кадрлар ағынын ынталандыруды, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды, республика өңірлері арасындағы демографиялық теңгерімсіздіктерді жоюды көздейтін 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова еңбек қатынастарын реттеу, кәсіподақтармен және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау, босқындармен жұмыс істеу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау және балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою туралы айтты.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -