Алматыда республикалық құсбегілер турнирі өтті

1643

Алматы ипподромында «Қыран-2022» турнирі «Құсбегі» ұлттық спорт түрінің финалдық ойындарымен аяқталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ұлттық спорт ұлықталған іс-шарада 100-ден астам адам бақ сынасты, оның 55-і бүркіт, 14-і сұңқар, 11-і қаршыға және 20-сы құмай тазыны аң аңлауға қосты.

Жарыстың бірінші күні қазылар алқасы құсбегілердің ұлттық киімдерін, сауыт-сайманын және аң аулайтын құстарға арналған керек-жарақтарын бағалады, сонымен бірге бүркітті (500 метрден) қолға қондыру мен шырғаға салу жарыстары өтті.

Алматыда республикалық құсбегілер турнирі өтті

Екінші күні бүркітпен қоян ұстау және тазылардың іріктеу сайысы өтті. Жарыстың соңғы күні қыранды, қаршығаны және сұңқар, ителгі қоянға салумен аяқталды.

Дәстүрлі сайыс төрт номинация бойынша ұйымдастырылды. «Бүркіт» номинациясы бойынша бірінші орынды Астана қаласының тұрғыны Диас Күнтуған алды. «Сұңқар» номинациясын қарағандылық Таңат Оспанқұлов иеленді. Алматы облысының тұрғыны Айдар Бекмұхамбет «Қаршыға» номинациясында жеңіске жетті. Төртінші «Тазы» номинациясында бірінші орын алматылық Сұлтансері Есентаевқа бұйырды.

Барлық жеңімпаз ақшалай сертификат, кубок және арнайы жасалған белбеу алды. Турнирдің жалпы жүлде қоры шамамен 3 миллион теңге.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -