Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін

1956

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым. Қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында іске асыру мәселелері» тақырыбында LIBRARY PRACTICE жастар пікірсайыс клубының отырысы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жастарға түсіндіруге бағытталған басқосуға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған Кітапхана волонтерлары қатысты.

«Үстіміздегі жылдың 20 қарашасында Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауы өтіп, онда халықтың қолдауы мен сенімінің арқасында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Айта кету керек, Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы әрбір азаматқа жете назар аудара отырып, елді ауқымды дамыту бойынша нақты қадамдарға негізделген. Сіздер, болашақ сарапшылар үшін және біз, Қазақстан азаматтары үшін мемлекетіміздің мақсаттары мен міндеттерін біліп қана қоймай, оған терең бойлап, бұл іске бірге жұмылуымыз өте маңызды» Ботагөз Қайыпова, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасы директорының орынбасары 

Сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттарын белгілей отырып, оның тұжырымдамалық аспектілерін талқылау қазіргі заманғы сын-қатерлер жағдайында іске асыру перспективалары, сондай-ақ саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер тұрғысында өтті.

Қатысушылардың пікірінше, «жастар үшін» қағидатын «жастармен бірге» қағидатына ауысуы қазақстандықтардың жаңа буынының өзін-өзі ұйымдастыруын белсендіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестерде арнайы жастар квотасын енгізу, елімізде волонтерлік қозғалысты одан әрі нығайту, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге конкурстық негізде жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Мәселен, 2023 жылы 5800 жастар кәсіпкерлігі субъектісі жеңілдетілген несиемен қамтылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 6300-ге жетеді. Соңғы бес жылда кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санындағы жас кәсіпкерлердің үлесі 10%-дан 20%-ға дейін ұлғайғанын ескерсек, бұндай шара уақтылы және өзекті болып табылады. 

Отырыс қорытындысы бойынша пікірталас клубының қатысушылары Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендігін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -