Талғат Ластаев «ҚР дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалімен марапатталды

6930

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевқа  «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалін табыстады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 Еліміздің сыртқы істеріне жауапты ведомство пандемия кезінде және басқа да төтенше жағдайларда шет мемлекеттерден Қазақстанның азаматтарын елге жедел қайтаруды тиімді үйлестіріп, қамтамасыз еткені үшін дипломатиялық қызметтің 30 жылдығына арналған медалімен Азаматтық авиация комитетінің басшысын марапаттауды ұйғарған. Себебі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты комитет кейінгі бірнеше жылда Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі және әуе компаниялармен бірлесіп, 30-дан астам репатриациялық және гуманитарлық рейсті ұйымдастыруға атсалысқанын айта кету керек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -