Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының отырысына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенаторлар Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы етіп жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты бірауыздан сайлады.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы мен сенаторларға жоғары сенім білдіргені үшін алғысын білдірді. Ол еліміз Президентінің бастамасы бойынша жүзеге асып жатқан және біздің еліміз бен қоғамымыздың игілігіне бағытталған реформаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру барысын заңнамалық қамтамасыз ету Палатаның басым міндеттерінің бірі екенін атап өте келіп, депутаттарды белсенді жұмыс істеуге шақырды.