Қарағанды облысының 432 556 отбасының деректері отбасының цифрлық картасына енгізілген. Олардың барлығында жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің тоғыз түрін проактивті форматта рәсімдеу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Нүркен Біләлов отбасының цифрлық картасына және биылғы инновациялар туралы қандай мемлекеттік қолдау шаралары енгізілгенін мәлімдеді.
Отбасының цифрлық картасы Еңбек министрлігінің жұмыс режимінде 2022 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды. Ол отбасының әл-ауқатын және мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын анықтайды.
– Карта – бұл азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті электрондық хабарлама. Мемлекеттің өзі ақпараттық жүйе арқылы азаматқа тиісті органдарға жүгіну қажеттілігінсіз мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды ұсынады. Бұл карталар отбасы мәртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылуда, – деді Нүркен Біләлов.
Отбасының цифрлық картасы әлеуетті әлеуметтік жәрдемақы алушыға SMS жібереді. Оң жауап болған жағдайда оған тиісті төлем тағайындалады. Ақша қаражаты банктік шотқа есептеледі.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің тоғыз түрін қандай да бір өтінішсіз ресімдеуге мүмкіндік бар:
- жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
- жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем;
- асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем;
- мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) берілетін жәрдемақы;
- Мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
- көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға арналған жәрдемақы;
- атаулы әлеуметтік көмек.
Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап оған денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі, ал 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылады.
Инновацияларға келетін болсақ. Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін өсті. Бұл санатқа 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап туылған балалардың ата-аналары кірді.
– Бала күтімі бойынша жәрдемақыны ұзарту қызметі автоматтандырылған режимде көрсетілді, азаматтарға құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ, – деп атап өтті спикер. – Бұған дейін ата-ана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда МӘСҚ қорынан бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылатын. Бүгінгі таңда отбасылардың осы санатын қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды. Олар республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшерінде жүргізіледі.
Ана мен баланы қолдау үшін "Марапатталған аналар" деген жаңа ұғым енгізілді. Бұл "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған өмір бойына берілген мәртебе.
Жәрдемақы мөлшері де сараланған. Мәселен, "Алтын алқа" алқаларымен, "Батыр ана" атағы бар I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, яғни жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген аналар үшін ол 7,4 АЕК-ке дейін көтеріледі.
Биыл зейнетақымен қамсыздандыру саласында да өзгерістер болды. 5 жылға әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде арттыру тоқтатылды. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері алынатын мөлшерден 10,5%-ға өсті. Бұдан басқа, ынтымақты зейнетақыларды есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері – 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті (2023 жылы 189 750 теңге). Жыл басынан бері базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені құрады.