Ақтөбелік Ұлттық ұландықтар қаланы су тасқынынан құтқаруға атсалысуда

3667

Ақтөбе облысының су басқан аудандарының тұрғындарына су тасқынынан көмек көрсетуді Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ғана емес, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметкерлері де белсенді түрде көмек көрсетуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің 1-ші жедел батальонының жеке құрамы көктемгі су тасқынының салдарын жою үшін дайындыққа көшірілді.

- 6655 әскери бөлімінің жедел батальонының жеке құрамы аталған аудандардағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылдырылған. Әскери қызметшілер күн ішінде су жолындағы көшелер мен аулаларды топырақ пен құм салынған қаптармен күшейтті, сонымен қатар су басқан тұрғын үйлердің аулалары мен жолдарды тазартты. Біз кез келген көмекке әркезде дайынбыз, - дейді 6655 әскери бөлімінің штаб бастығы, полковник Дәурен Жағыпаров.

Бүгінде Ұлттық ұлан жауынгерлері Заречный ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде. Ақтөбе қаласының әр ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бейбіт тұрғындардың үйлерін су басып кетпеу үшін елеулі жұмыстар атқарды.

Құтқару жұмыстары кезінде тәртіп сақшылары су тасқынының алдын алу үшін үйлердің айналасына құм салынған қапшықтарды қойып, жолдардың көшелерін нығайту жұмыстары жүргізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -