Бірлік пен келісім: «Наири» қауымдастығының жемісті жұмысы

4440

«Наири» Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы болып Наринэ Микаелян сайланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласында «Наири» Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшылығымен және активімен, оның ішінде 11 өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізді.

Жиын барысында бірлестік төрағасы қызметіне жаңадан сайланған Наринэ Гамлетовна Микаелянды лауазымымен құттықтап, бұрынғы басшысы Артуш Месропович Карапетянға көптеген жылдар бойы атқарған табысты қызметі үшін алғысын білдірді.

Сонымен бірге ол ҚХА сенімді мүшесі болып табылатын ұйымның еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -