Педиатрия орталығында Балалар күні атап өтілді

55715
Фотосурет: НЦПДХ

1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қатерлі дертке  шалдыққан балалар үшін  мерекелік шара өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Айтулы мерекеге арналған шараны Орталықтың Педиатриялық блок басшысы Гүлнар Әбділова ашып, барша қауымды мерекемен құттықтады.

Мерекелік шара «Браз сикстет» оркестрі мен «Шу-Шу» аспаптық дуэтінің концерттік бағдарламасымен ашылды. Әлемнің әйгілі әндері мен музыкалық композицияларын тарту еткен өнерпаздардың өнері көпшілікті тәнті енті. Науқас балаларды құттықтауға қазақ эстрадасының жұлдызы Жолбарыс Сейфуллин арнайы келді. Барша балаға тез сауығып, құлан таза айығып үйлеріне қайтуларын тілеген әнші, хит әндерін орындап, әннен шашу шашты.  «Ульмира» шоу-балетінің мың бұралған  бишілері мерекенің ажарын ашты. Сиқыршы Панов Владиславтың өнері балаларға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кешті өнер жұлдызы Аллаберген Жақсыбаев пен орталықтың  Кроха есімді аурухана клоуны жүргізді. Шараға арнайы келген аниматорлар тобы бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Олар балалармен бірлесе  би билеп, түрлі ойындар ойнады.

Шара аясында балалардың сурет, қолөнер көрмесі өтті. Балалар үшін арнайы аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылады. Іс-шара шағын дискотекамен және балаларға арналған мерекелік сыйлықтарды табыстаумен аяқталды. Сыйлықтар онкогематология бөлімімен қатар, барша орталықта ем алып жатқан науқас балаларға таратылды.

Педиатрия орталығында ем алып жатқан барлық балаға зор денсаулық, мол бақыт, бақытты балалық шақ, қуаныш пен шаттыққа толы жарқын өмір тілейміз! Балалар мерекесі құтты болсын! Ауыр дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған шараның психологиялық көмегі зор деп білеміз.

Бұл тарапта мерекелік шараға атсалысқан барша демеушілерге: «Асыл бала», «Help Today», «Амила», «Жаңа Өмір» қайырымдылық қорларына, Орталық Кәсіподақ ұйымына, «Қазақстан қор биржасы», «Coka-cola» компаниясына, ерікті-волонтер  Динара Досумбековаға, «Event show» аниматорлар  тобына және балалар үшін мереке сыйлауға асыққан барша өнер иелеріне зор алғысымызды білдіреміз!

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -