Телефон алаяқтығының құрбаны болмауға болады: сарапшылардың кеңестері

1043
Фотосурет: Best4Best/CP

Kaspersky Who Calls: 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда телефон алаяқтығына тап болғандардың үлесі он пайыздық тармаққа өсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Kaspersky Who Calls шешімінің деректері бойынша, 2023 жылдың бірінші тоқсанында алаяқтық деп күдікке ілінген белгісіз нөмірлерден телефон қоңыраулары түскен Қазақстандағы пайдаланушылардың үлесі 2022 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда он пайыздық тармаққа артып, 22%-ға жеткен.

«Осы жылдың басында біз өз шешімімізді пайдаланушылар арасында банк карталарының деректерін бөгде адамдардың сұрау салу, ақшаны қауіпсіз шотқа аудару ұсыныстары туралы жазылған көптеген пікірлерді байқадық. Мұндай схеманың салдарынан адам жеке қаражатын жоғалту қаупі бар, сондықтан біз шабуылдаушымен әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз» «Касперский Зертханасының» Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы басқарушы директоры Валерий Зубанов

Әдетте шабуылдаушылардың әдістері байланыс арнасына қатысты айтарлықтай өзгермейді, құқық қорғау органдарының қоңыраулары өзекті болып қала береді — алаяқтар ІІМ, полиция, жол полициясы, тергеушілер және т.б. қызметкерлері болып танысады, сонымен қатар, олар көбінесе жомарт акция немесе ұтыс туралы хабарлайды, атап айтқанда автомобиль ұттыңыз деп қоңырау шалады. Бұл схема пайдаланушының фишингтік сайтқа өтуін немесе жоқ жүлдені алу үшін қандай да бір соманы енгізуді көздейді. Тағы бір кең таралған нұсқа — адамға жарнамада орналастырылған тауарды сатып алу ұсынылғанда және төлем үшін карта мәліметтерін, соның ішінде CVC кодын толтыру үшін көшірме сайтқа сілтеме жіберілетін жағдайлар бар.

Қаскөйлердің құрбаны болмау үшін сарапшылар пайдаланушыларға мынадай кеңес береді:

  • сәл күмәндансаңыз, телефонмен сөйлесуді аяқтаңыз;
  • күдікті хабарламалардан сілтемелерге, тіпті таныстар жіберген болса да, өтпеңіз;
  • өз құпия деректеріңізді ешкімге бермеңіз: сервистердегі есептік жазбалардан құпиясөздер мен логиндер, SMS және push-хабарламалардан кодтар;
  • белгілі бір нөмірге алаяқтық туралы шағымдар түскен-түспегенін білу үшін — Kaspersky Who Calls сияқты арнайы шешімді қолданыңыз.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -