1055
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде осыдан жеті жыл бұрын Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөліміне жасалған лаңкестермен қарулы қақтығыс кезінде ерлікпен қаза тапқан әскерилердің рухына мәңгілік тағзым ету мақсатымен «Мәңгілік сапта» атты бір күндік Акция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл күні ұландық әскери қызметшілер саптық алаңға қойылған есіл ерлердің фотолары алдында сап түзеп, қаза болған батырлардың ерліктері мен қайсарлықтарын еске алып бір минуттық үнсіздік жариялады.

Қайтыс болған есіл ердердің қайғысы олардың жақын туыстарының ғана емес, біздің, еліміздің ортақ қайғысы. Олардың табандылықпен көрсеткен ерліктері ешқашан ұмытылмайды, мәңгілік жүрегімізде сақталады, өскелең ұрпақ үшін өшпес ерлік пен Отанға адалдықтың үлгісі болып қала бермек.

Әскери қызметшілердің көрсеткен қайтпас ерліктері мен қайсарлықтарына арналған шара соңы жеке құрамның саптық шеруімен аяқталды.

Еске салайық, 2016 жылғы 5 маусым күні сағат 14.35 минутта қарулы лаңкестер тобы қару-жарақты қолға түсіріп, өздерінің қитұрқы әрекеттерін іске асыру мақсатымен Ақтөбе қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған болатын.

6655 әскери бөлім әскери қызметшілерінің сенімді іс-әрекеттері мен табандылықтарының арқасында шабуылдаушы топтың мақсаты жүзеге аспай, олардың қылмыстық іс-әрекеттерінің жолы кесілді.

Қарулы қақтығыста алғашқы ұрысты өздеріне қабылдаған майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы Досбол Сапар жанқиярлық ерлікпен қаза тапты.

Әскери міндетін орындауда көрсеткен ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлықтары үшін майор Даниэль Майлыбаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (қайтыс болғаннан кейін), кіші сержант Берікжан Қалиев (қайтыс болғаннан кейін) және қатардағы Досбол Сапар (қайтыс болғаннан кейін) ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған болатын.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -